ГККП «Болашақ» бөбекжай-бақшасының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздерді балабақшамыздың ресми сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз!
«Болашақ» — әр күн сайын балалық шақтың қуанышы мен жаңалықтарға толы, балаларға қамқорлық пен қолайлы орта қалыптастырылған мекен.
Біздің басты мақсатымыз — әр баланың қабілетін ашуға, қоршаған ортаны танып-білуіне, өз ойын еркін жеткізуіне және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау.
Біздің сайт ата-аналарға, педагогтерге және мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласына қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған. Мұнда балабақшамыздың тыныс-тіршілігі, жаңалықтары, іс-шаралары мен жетістіктері туралы ақпаратпен танысып, пайдалы мәліметтер ала аласыздар.
Біз ата-аналармен ашық қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, бізбен бөлісуге әрдайым қуаныштымыз!
Құрметпен,
«Болашақ» бөбекжай-бақшасының ұжымы